«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ 15 Сәуір Мектеп
Биылғы жылы біздің мектеп-лицейімізге қазақтың ұлы ғалымы - Шоқан Уәлихановтың аты беріліп, көпжылдар бойғы арманымызға қол жетіп, нұр үстіне нұр болғанын қуанышпен жеткіземіз. Сол себепті мектеп күнінің алғашқы бастамасы ретінде ұйымдастырылған шара, Шоқанның жүріп өткен жолдарына арнап мектебімізде «Шоқан әлемі» атты зал ашылды. Қазақтың біртуар ғұлама ғалымының еңбектері, өнеге ретінде ұрпақтар жадында мәңгі сақталсын – деген ниетпен ұйымдастырылған шағын залымызды салтанатты