«Қайырымдылық – қадірлі іс»
2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын жоғары деңгейде өткізу мақсатында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Жанар Нұрланқызы Жұмабекованың ұйымдастыруымен Өскемен қаласының «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-сі мектеп ішілік бұйрық шығарып, «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық жасау, 5-18 жас